Жаңалықтар

Бас прокуратура Челахтың Президентке жазған хатына қатысты пікір білдірді

Владислав Челахтың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Арқанкерген» шекара бекетінде не болғаны жайында айтуға дайын екені туралы хат жазғанын бұған дейін жариялаған болатынбыз. Ал, Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжіліс отырысында сол хатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

– Өкінішке қарай, қазір менде Владислав Челахтың бізге жүгінгені туралы ақпарат жоқ. Сол себепті дәл қазір пікір айта алмаймын. Бірақ осылай жүгінген болса, оны пысықтап, тиісті жауапты береміз, – деп айтты Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Естеріңізде болса, Владислав Челах 2012 жылы Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Арқанкерген» бекетінде 15 адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Тергеу қарағандылық мерзімді сарбаз Владислав Челахты кінәлі деп анықтады. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 2013 жылдың наурыз айынан бері Челах Қостанай облысындағы Жітіқара қаласының маңындағы ерекше режимдегі колонияда жазасын өтеуде.

Басқа материалдар

Back to top button