АймақОсакаров

Бас мүфти Осакаровка ауданындағы жаңа мешіттің ашылуына қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысы Осакаровка аудандық мешіттің ашылуына қатысты.

Суреттер ihsan.kz

— Исламда мешіт ұғымы – өте кең, әрі ауқымды мағынаны қамтиды. Мұсылмандарға құлшылық орны болуымен қатар, ол қоғамның руханиятын сақтаушы рухани орталық болып табылады.

Мешіт – жекелей адамның тап болған мәселелерін шешуге, әрі қоғам арасындағы бірлік пен бейбітшіліктің, ынтымақтың сақталуына негізгі себеп болатын орын. Бұлай айтуымыздың себебі – қазақ қоғамында қалыптасқан, дінмен ұштасқан ғұрыпқа сай адам өміріне қатысты басты діни рәсімдердің барлығы мешітте орындалады, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, екі мұнаралы және бір күмбезді жаңа мешіт мың адамға арналған. Мешіт екі қабаттан тұрады. Мешіт ішінде имамның бөлмесі, әйелдер залы, кітапхана бар.













Басқа материалдар

Back to top button