Ресми

Басқармада – жаңа басшы

Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы лауазымына 44 жасар Дулат Халел тағайындалды. Аталған кадрлық өзгеріс жөнінде облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК аппарат кеңесінде мәлімдеді.

Сурет:автордан

Дін істері басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Бикенов енді Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.

Дулат Халел – 1975 жылы 14 желтоқсанда Қарқаралы қаласында туған. Білімі – жоғары.

1997 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тарих және әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, ерекше қабілетімен көзге түскен.  Борлыбұлақ және Көктас ауылдарының мектептерінде қызмет етті.

2001 жылдың қыркүйегінен – мемлекеттік қызметте. Қарқаралы ауданы әкімдігінде бас маман, Қарқаралы ауданы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарды. 2006 жылдың қаңтар айынан бастап, жаңа қызметке тағайындалғанға дейін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымында болды.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button