Ресми

Басқарма басшысы тағайындалды

Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Ведомствоны бұрын Шахтинск қаласының әкімі болған Әскербек Ибраһимұлы Халтонов басқарады.

Әскербек Халтонов еңбек жолын 1997 жылы “Қарағанды жолдары” АҚ-да бастаған.

2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Көлік және коммуникация министрлігі жанындағы облыстық басқармада еңбек етті. Содан кейін облыс әкімінің аппаратына ауыстырылды, онда құрылыс, байланыс және жол-көлік инфрақұрылымы бөлімін басқарды. Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары болды. Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2021 жылдың сәуір айында Әскербек Халтонов Шахтинск қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл қызметті 2022 жылдың 20 қыркүйегіне дейін атқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button