Ресми

Баршын әкімінің белесі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауын ұйымдастырған болатын. «Үздік ашық әкім» номинациясы Нұра ауданы, Баршын ауылының әкімі Зәуре Мұханалиеваға бұйырды.

Зәуре Мұханалиева 2016 жылдан бері Баршын ауылының әкімі болып қызмет етеді. Аталған ауылдың 803 тұрғыны бар. Байқау ережесіне сәйкес, әр әкім жоба қорғауы керек. Жерлесіміз таңдаған тақырыптың өзі топ жарып тұр. Қазіргі кездегі өткір мәселе – малдың терісін илеу, қойдың жүнін өңдеу.

– Келесі жылы зейнетке шығамын. Сіздің жұмысқа қалай келгеніңіз емес, одан қалай кететініңіз маңызды. Байқаудың облыстық деңгейінде «Тері илеу және жүн өңдеу» тақырыбында жобамды қорғадым. Ал, республикалық кезеңге онлайн қатысып, кейстер бойынша сұрақтарға жауап бердік, – дейді жеңімпаз әкім.

– Ұлт көсемі Әлихан «Халыққа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Менің мінезім ашық, көпшілмін. Осы қасиетімнің ауыл тұрғындарымен тығыз жұмыс жасауда көмегі тиді. Адамдармен ортақ тіл табысу үшін белгілі бір дәрежеде психолог болу керек. Болашақ жас әкімдер осыны ескереді деп сенемін.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button