МедицинаРесми

Барлық дерек eDensaulyq-та

Бұдан былай кез келген адамның медициналық деректері eGov mobile қосымшасындағы жаңа бөлім – eDensaulyq-та жинақталады. Мұны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Министрдің айтуынша, енді қазақстандықтар өздерінің барлық медициналық дерегін бір жерден көре алады. Дәрі-дәрмек тағайындау, диспансерлік есепке алу, медициналық анықтамалар, вакцинация, ауруханаға жатқызу, донорлық мәртебе, зертханалық зерттеу нәтижелері және аурухана парақтары, сонымен қатар жүкті әйелдерді есепке алу және диспансерлеу туралы ақпарат мобильді қосымшада болады.

– Мұның бәрі бірыңғай медициналық сервисті құруға бағытталған. Осы уақытқа дейін қазақстандықтардың медициналық деректері «электрондық үкімет» порталының әртүрлі бөлімдерінде шашыраңқы, пайдаланушыларға ыңғайсыз болды. eDensaulyq бөлімі қажетті медициналық деректерімен толыға береді. Цифрландыру жүрген жерде ашықтық принципі қашанда бірінші орында. Біз осы қосымшаны енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға ниеттіміз, – дейді Б.Мусин.

Егер қосымшада ақпарат қате болса, 1406 call орталығына немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Telegram-боты арқылы қабарласу қажет.

Жансая ОМАРБЕК.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button