Баста – тәж-дәулет,
Құлақта – азан-қаумет,
Көзде – нұр Мұхаммед,
Қаста – кәлемі Құдірет,
Маңдайда – сәжде-ғибадат,
Мұрында – ырзық-жәннат,
Ауызда – кәләм-шаһадат,
Тілекте – дидар-талап,
Жүректе – зікір-салауат,
Рухта – ақыл-парасат,
Нәпсіде – сабыр-қанағат,
Ойда – Алла тәберек,
Бойда – мейір-махаббат бар.
Маржан терген Төрехан МАЙБАС.