Жаңалықтар

Банкет залдары қайта ашылды

5 мамырдан күшіне енетін облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысы бойынша банкет залдары қайта ашылды. Дегенмен, онда той, құдалық, мерейтой және сол сияқты бұқаралық іс-шаралар өткізуге болмайды. Аталмыш нысандар «Ashyq» жобасына қатысуы қажет және адам саны жағынан да шектеледі.

Атап айтқанда, банкет залдары сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін толымдылығы 50%-ға дейін, сондай-қ, мейрамханалар мен дәмханалар 50 адамға дейін қызмет көрсете алады. Бұған дейін бұл нысандар жұмысына тыйым салынғанын айта кету керек. Сонымен бірге, бильярд орындары, боулинг клубтары толтырылуы 30%-дан аспайтын жағдайда сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істей алады.Дәл осындай тәртіппен PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар қызметіне кірісті. Көрермендердің 20%-ы спорттық іс-шараларды «тірідей» тамашалауға мүмкіндік алды.

Осыған дейін тыйым салынған ойын-сауық нысандарының қатарына кіретін лоторея клубтары мен лоторея өткізудің өзге де нүктелері «Ashyq» жобасына қатыса алады. Ол үшін бір адамға кемінде 4 ш.м. орын болуы керек және адам саны 30-дан аспауы тиіс.

Басқа материалдар

Back to top button