Жаңалықтар
Балыққа да «барымта» жасауда
Қарағанды облысының полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, Балқаш көлінде браконьерлік фактілерді анықтау және жолын кесу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Шара барысында олар Гүлшат ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан жағалаудан резеңке қайықты ер адамды байқайды.
Анықталғандай, 40 жастағы жергілікті тұрғын тор арқылы заңсыз балық аулаған. Тексеру барысында полицейлер салмағы 63 келі көксерке, 800 метр тор, резеңке моторлы қайық тапты. Келтірілген шығын көлемі 424 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы «Балық ресурстарын, өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ