АймақБалқаш

Balkhash Tour Fest фестивалі өтеді

Биыл 26-27 шілдеде Ақшағыл кентінің (Рембаза) ауданындағы Балқаш көлінің жағажайында осы жаздың ең атмосфералық және ұмытылмас оқиғасы – «БалқашTourfest-2025» фестивалі өтеді. Қарағанды облысы әкімдігі ұйытқы болып отырған фестиваль биыл үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Фестивальдің басты хедлайнерлері – аса танымал қазақстандық орындаушылар Qanay, Nazima, Қайрат Баекенов, Килиманджаро тобы өнер көрсетеді.

Қарағанды облысында туризмді дамытуға көбірек көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда туристік əлеуетті дамыту – Балқаштағы негізгі бағыттардың бірі болып отыр.

Екі күнге созылатын жағажайдағы жайдарлы сәттер туризм тынысын одан әрі аша түсуге ықпал етеді деп күтілуде. Ұйымдастырушылар таңертеңгі 10-нан түн ортасына дейін жалғасатын мәдени, спорттық және ойын-сауық шараларын дайындауда. Белсенді демалысты ұнататындар үшін йога және зумба кәсіби жаттықтырушыларымен таңертеңгілік сабақтар, ұлттық және жағажай спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі.

Сонымен қатар, ақпараттық тур және QAZ ELI туристік қызметтерін брондаудың алғашқы отандық онлайн-жүйесінің тұсаукесері қарастырылған.

Балқаш желкенді регата, би фестивалі және көбік кеші болып, балаларға арналған театрландырылған ойын бағдарламалары, шеберлік сабақтары, байқаулар, викториналар жоспарда бар. Сондай-ақ, ашық аспан астында кинотеатр ашылмақ, онда қазақстандық режиссерлердің мультфильмдері мен киноленталары көрсетіліп, танымал музыканттар, креативті жүргізушілер, диджейлер мен бишілер өнер көрсетеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button