Жаңалықтар

Баласын ауруханаға тастап кеткен келіншек жағдайды түсіндіріп берді

Қарағанды қаласында бір жасар баласын ауруханаға тастап кетті делінген келіншек жағдайдың шын мәнінде мүлдем өзгеше екендігін жеткізді. Осыған дейін Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сәбидің ата-анасы іздеп келмейтін болса онда баланы қорғаншылық органдарына тапсыратындығын айтқан болатын. Өз кезегінде бүлдіршіннің анасы перзентінен айырылғысы келмейтінін жеткізді.

«Біз баланы тастаған жоқпыз. Иә, ол ауруханада жалғыз жатыр. Бұған себеп те бар. Сіздер жағдайды толық білмейсіздер. Менде ұлымнан басқа қыздарым бар. Олардың жасы 3-те және 6-да. Мен күйеуіммен Абай ауданында тұрамын, отағасы Қарағандыда жұмыс істейді. Біз тек бір адамның тапқанына қарап отырмыз. Үлкен балалар оқуда, ал кішкентай қыздарға қарайтын адам жоқ. Мен ауруханада жатқанда олар үйде жалғыз өздері отырды. Мен қазір әрине, баламның қасында болғым келеді. Ол өте жиі ауырады. Біз оның мүгедектігі үшін жәрдемақы да аламыз. Бірақ ол жетпейді. Кейде менің өзім де нәпақа табу үшін ыңғайы келген жұмысты істеп кетемін», – деді сәбидің анасы.

Ал Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері болса баланың қандай жағдайда да анасымен бірге болуы керектігін айтуда.

«Сәбилер ауруханада міндетті түрде аналарымен болуы керек. Балаға туған анасының қамқорлығы ауадай қажет. Ал диагнозы күрделі балаларды анасынан ажыратуға мүлдем болмайды. Баланың екі өкпесіне де суық тиген. Ол ауруханаға бірінші рет түсіп отырған жоқ. Оның жүрегінің ақауы бар, Көкшетауда операция жасалған. Содан соң отбасы мүшелері Абай ауданына көшкен. Сәби респираторлық бөлімге ауыстырылғанда онымен бірге әкесі мен анасы кезек-кезек жатқан болатын. Ал мамыр айының басында сәбидің анасы үйіне екі-үш сағатқа сұранып кетіп, содан баласына қайтып оралмады. 23 сәуірден бастап, бала медицина қызметкерлерінің қарауында, ауруханада жатыр. Сәби көпбалалы отбасынан, ол отбасындағы 6-шы бала», – деді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Дереккөз: “Қазақпарат”

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button