Баланы бесікке бөлеу дәстүрі дәріптелді
Қазақстанда 2024 жылдан бастап ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерім ізді дәріптеп, насихаттау мақсатында 14-23 наурыз аралығында “Наурызнама” онкүндігі жарияланған болатын.

Бүгін, яғни осы “Наурызнаманың” үшінші Мәдениет және салт-дәстүрлер күнінде Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінде халқымыздың сәбиді бесікке бөлеу дәстүрі көрсетілді.

Бұл дәстүрді жиналған көпшілікке көрсетіп, таныту үшін ақ жаулықты әжелер мен келіншектер шақырылып, олар жұрт алдында баланы бесікке қалай бөлеу керектігі мен оған қажет түбек, шүмек, белтаңғыш, тағы да басқа құрал-жабдықтар жайлы түсінік беріп, оны іс жүзінде орындады. Осы рәсім кезінде баланы бесікке салған қарт ана бата беріп, оның иығына орамал жабылып, шашу шашылды.
Мәдениет үйінде өткен бесікке бөлеу дәстүрін үлкендермен қоса балалар да тамашалады.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



