Саран қаласында да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл жолы еріктілер мен қала тұрғындары бірлесе сенбілікке шығып, қаладағы «Балалық шақ аралы» алаңы мен топтық іс-шараларға арналған аймақтың аумағын қоқыстан тазартты.
Сонымен қатар, сенбілік барысында қоршаған ортаны тек қоқыстан тазартып қана қоймай, ағаш пен жиектерді әктеді. Гүлзарларға гүл егіп, жолдарды тазалады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Сурет пен видео ұйымдастырушылардан
Ortalyq.kz