Аймақ
Балалардың жаппай улануы: орталық басшысы қызметінен шеттетілді
Қарағандыда болған оқыс оқиғаға байланысты облысқа келген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният шұғыл түрде брифинг өткізді. Брифинг барысында «Орталық басшысына оқиғаға байланысты қандай да бір жаза қолданасыздар ма?» деген сұраққа:
– Орталық басшысы 24-шілдеден бастап еңбек демалысында болған. Соған қарамастан орталық басшысы жұмысынан шеттетілді, – деп жауап берді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz