Балалардың улану жағдайынан соң арнайы мекемелерге бақылау күшейеді
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева осылай дейді. Брифингке қатысқан балалар омбудсмені жансақтау бөлімінде жатқан балалардың арасында жетім балалар да бар екенін айтты.
– Бұл – қиын жағдай. Бүгінде улану себептерін анықтау үшін жұмыс жүріп жатыр. Еліміздегі балаларға медициналық-әлеуметтік қызмет көрсететін 84 мекемеге Бас прокуратура кешенді тексеріс жүргізеді. Оның 20-сында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Қазір біз мемлекеттік органдармен бірге балаларға арналған мекемелердегі камераларды тікелей орталық басқару бөлімі мен жауапты органдарға қосу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, арнайы мекемелердегі бақылау күшейеді, – деді Динара Закиева.
Бұл ретте айта кету керек, оқиға орын алған орталықта 115 бейнебақылау камерасы бар.
Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz
Автордың «Кінәлілер жазадан құтылмайды» атты мақаласынан.