АймақБас тақырып

Балалардың улану оқиғасы: Полицияға тергеу амалдарын мұқият жүргізу тапсырылды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов министрлікке Қарағанды облысында балалардың улануына кінәлі адамдарды анықтауды тапсырды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 

– Ажар Ғиниятқызы (Денсаулық сақтау министрі), балаларды барлық қажет дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етіп, ауруханадан шыққаннан кейін де олардың жағдайын ерекше бақылауда ұстаңыздар. Әкімдіктер интернаттық, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі балалардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтуі қажет, – деп тапсырды Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Қарағандыдағы оқиға бойынша кінәлілерді анықтауды тапсырды.

– Ішкі істер министрлігі болған оқиғаның нақты себептері мен кінәлілерді анықтау бойынша тергеу амалдарын мұқият жүргізуі тиіс, – деді Премьер-Министр.

Басқа материалдар

Back to top button