Жаңалықтар

Балаларды терезеден құлау қаупінен қорғаңыз!

Көктем шығып, күн жылынғаннан соң балалардың терезеден құлау қаупі артты, – дейді, Қарағанды облысының дәрігерлері.

 

2022 жылы аймақта балалардың терезеден құлауының 29 жағдайы тіркелген болатын. Биыл баланың терезеден құлауының алғашқы оқиғасы 19 наурызда Балқашта болды, кеше 29 наурыз күні сағат 16:40 шамасында Қарағанды облысының Саран қаласында 1А ықшам ауданында 2020 жылы туған қыз бала 4-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. Дәрігерлер апаттың алдын алу үшін қалай әрекет ету керектігі туралы айтты.

Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері үйде бала болса, терезелерді ешқашан ашық қалдырмауды сұрайды.

– Москит торларына сенбеңіздер! Балалар оларға сүйеніп, олармен бірге құлап кетуі мүмкін. Баланы қараусыз қалдыруға болмайды. Бала терезені өздігінен аша алмайтындай етіп терезелерге блокаторларды орнату қажет. Терезеден құлау – бұл балалар жарақаты мен өлімнің негізгі себептерінің бірі, әсіресе қалалық жерлерде, – дейді дәрігерлер.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button