Балалардың сүйікті авторы


         Жақында Ақадыр кентіндегі балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жауқазын жырлар» клубы және Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 8 «в» сынып оқушыларының қатысуымен ақын Мұзафар ӘЛІМБАЕВТЫҢ шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Осы жолдардың авторы жетекшілік еткен кеште «Балалардың сүйікті жыршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қаламы қарымды қаламгер» атты тақырыптық папка жасалып, ақынның өмірі мен қызметі жайлы слайд көрсетілді. Кітап көрмесіне кітапханашы Н.Қалижан библиографиялық шолу жасады.
Кешті жүргізген 8 «в» сынып оқушылары – Ж.Аупешова ақынның «Ертеңгі ұрпаққа», Ж.Қуаныш «Мұғалім ол біздің» өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Жерлес ақын Ш.Әнуархан ақынға арнауын оқыды. 8 «в» сынып оқушыларының қатысуымен әдеби-сазды монтаж ұйымдастырылып, оқушылар «Той жыры», «Жалқаудың жауабы», «Бастаған істі тастама», «Қарағанды» секілді өлеңдерін көркем сөзбен нақышына келтіріп оқыды. Сондай-ақ, ақынның өлеңіне жазылған «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», «Алматы рахат кешінде» әндерін тамылжыта шырқады. Кітапханашы Б.Бәкірова «Маралдым» әнін орындады. Кеште Ә.Ермеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Мұқанова, жерлес ақын Ә.Шайзада Мұзафар ақынның өмірі мен қызметі туралы пікірлерін ортаға салды. Кешке белсене қатысқан оқырман оқушылар марапатталды.

Ж.ШОПАНОВА.
ШЕТ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.