Балаларды қорғау жүйесі күшейтілді: ел бойынша оң өзгерістер байқалуда
Екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында балаларға қатысты барлық зорлық-зомбылық түрлері үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған.

Осы уақыт ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің біртұтас жүйесін құруға бағытталған қажетті заңдар, бағдарламалар мен қаулылар қабылданды – әсіресе зорлық-зомбылықтың алдын алу және одан қорғау саласында.
Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары әкімдіктердің құрылымында құрылып жатыр, отбасыны қолдау орталықтары, мобильді топтар ашылуда, қамқоршылық органдары қызметкерлерінің саны артып келеді. Мемлекеттік байланыс орталығы ашылды, ал мектептерде QR 111 жүйесі енгізілді – бұл балалармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Бүгінде басты міндет – қабылданған шараларды сапалы жүзеге асыру. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің Мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің басшылығымен бірлескен үлкен жұмысы жүргізілуде.
Аймақтарда осы шараларды іске асыра отырып, біз жүйелі шешімді қажет ететін мәселелермен қатар, қысқа мерзімде болған айтарлықтай оң өзгерістерді де байқаймыз. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша балалардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстар саны Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша 18%-ға төмендеді. Соның ішінде педофилия фактілері бойынша (ол үшін тек өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған) қылмыстар 24%-ға азайды.
Балаларға қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстардың азаюы – қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетеді. Алайда әрбір санның артында бір баланың тағдыры тұр. Біздің мақсатымыз – осындай қылмыстар мүлде болмауы үшін бар күшімізді салып, әрбір баланың құқығын қорғау.
Ақорда