Балаларды қорғау күніне Қарағандыда қандай шаралар ұйымдастырылады?
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Қарағандыда кішкентай тұрғындар мен олардың ата-аналары үшін түрлі мерекелік іс-шаралар өтеді.

Міне, сол күнгі қызықты орындар мен бағдарламалар:
Орталық мәдениет және демалыс саябағы
12:00 – 16:00
• Театрландырылған қойылымдар
• Балалар ойындары, билер, флешмобтар
• Байқаулар
• Аттракциондар мен балалар темір жолы жұмыс істейді
Кеншілер мәдениет сарайының алдындағы алаң
12:00-де «Ертегілер еліндегі мереке» ойын-сауық бағдарламасы
Қарағанды зообағы
• Аниматорлар мен биік қуыршақтар
• 12:00–13:00 – «Жылы жаз!»
• 12:00–14:00 – Тегін аквагрим
• 13:00–15:00 – Қали Байжанов атындағы филармония концерті
• 13:30 – Көңілді көбік кеші
• 15:00–16:00 – Ағаш аяқпен жүретін әртістер
• 16:00–16:40 – Жануарлармен цирктік қойылым және фокустар
Майқұдық саябағы
12:00-де «Балалық шақтың сиқырлы әлемі» бағдарламасы және балалар би және вокалдық-аспаптық ұжымдарының өнері
«Локомотив» стадионы
11:00-де «Жел музыкасы» батпырауықтар фестивалі
«Молодежный» мәдениет үйінің алдындағы алаң (Пришахтинск)
11:00-де «Біз бақытты баламыз!» театрландырылған бағдарлама
К. С. Станиславский атындағы орыс драма театры
12:00-де «Винни-Пухтың оқиғалары» музыкалық ертегі
Музыкалық комедия театры (Кемпірқосақ залы)
10:30 – «Добрый доктор Айболит»
16:00 – «Медвежонок Умняшка»
• Балаларға арналған интерактивті спектакльдер
«Буратино» қуыршақ студиясы
11:30-де «Ең үздік Карлсон» ертегісі
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы
18:00 – 21:00
«Ымырттағы кітапхана» кешкі мерекелік акциясы
• Викториналар, ойындар
• Шеберлік сабақтары (аспаздық, саз магниттері, шляпа жасау)
• ЖИ-мен эксперименттер
• Аквагрим, телескоппен жұлдыздарға қарау
• Тәттілер «Рахат» кітапхана дәмханасында
Бұл күні Қарағандыда әр аудан мен саябақта балаларға арналған ерекше бағдарламалар өтеді. Отбасымен серуендеп, қуаныш пен қызыққа толы әсерлі күн өткізуге мүмкіндік мол!
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА