Балалардың болашағы – Конституциядағы басты бағдар
Кейде ең маңызды сөздердің үні қатты шықпайды, естілер- естілмес болып көрінеді. Конституция жобасының преамбуласында негізгі бағдарлар ретінде мәдениет пен білімнің, ғылым мен инновацияның құндылықтары, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты қарау қажеттілігі аталған. Балаларымыз қандай әлемде өседі деген сұрақ жөнінде ойларды тудырады.
Білім мемлекеттік деңгейде орнықты құндылыққа айналған жерде тек экономика ғана емес, отбасылардың өмір сүру сапасы да өзгереді: сапалы біліммен қамту неғұрлым жоғары болса, балалардың оқып, еңбек ету үшін елде қалу мүмкіндігі артып, олар жақсы мүмкіндіктер іздеп кетпей, еліміздің ең басты капиталына айналады.
Мәдениет – абстрактілі сала да, «қосымша» да емес. Ол – баланың ішкі бағдарларын, құндылықтарын ол күрделі қоғамдық үдерістерді түсіне бастағанға дейін қалыптастыратын орта. Кітапханаларға, музейлерге, театрларға, тілдерге қолжетімділігі бар балалар өмірдегі өзгерістерге төзімдірек келеді, жаңа жағдайларға тез бейімделеді және әлеуметтік өмірден сирек шет қалады. Бұл – элитарлықтың мәселесі емес, тұлғаның ішкі тірегін қалыптастыру мәселесі.
Ғылым мен инновация – болашақтың тағы бір тыныш, бірақ түбегейлі маңызды белгісі. Біздің жағдайымызда да байқалады: зерттеу орталықтары, технопарктер, қолданбалы әзірлемелер пайда болған жерде жастардың қалып, дамуға мән беретін ортасы қалыптасады. Бұл әрдайым ауқымды жобалар бола бермейді, бірақ дәл осылар болашақтың дәл осы жерде мүмкін екеніне деген сенімді тудырады.
Табиғатқа ұқыпты қарау мәселесіне де ерекше тоқталған жөн. Қазақстан үшін, әсіресе Қарағанды өңірі үшін бұл енді абстрактілі тақырып емес. Су мен ауаның сапасы, жердің жай-күйі балалардың денсаулығына және олардың балалық шағы қандай болатынына тікелей әсер етеді. Экологиялық жауапкершілік – шектеу туралы емес, бізден кейін келетіндер алдындағы адалдық туралы.
Осы тұрғыдан алғанда, Конституция преамбуласындағы мәдениет, білім, ғылым және экология туралы қағидалар баршамызға ортақ, өте қарапайым сезім туралы: балаларымыздың болашағы бар елде өмір сүргенін қалаймыз.
Айжан ҚИЯСОВА
Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның төрайымы



