Ресми

Балаларды бірге қорғайық

Құрметті қарағандылықтар! Қадірлі ата-аналар! Әдетте жақсыны жариялағанға жақынбыз, ал күрделі мәселелер бойынша ақпарат көздерінде көп бөлісе бермейміз. Дегенмен, бүгінгі жазбаға себеп болып отырған проблема көптің күшін қажет етеді, сіздер мен біздер болып біріккен әрекеттерімізді талап етеді. Ұрпағымыздың, ұлқыздарымыздың амандығы үшін, саулығы үшін…

Сурет fondviolas.ru сайтынан

Өкінішке қарай, кәмелетке толмаған балаларымызға қарсы жасалып жатқан қылмыс тыйылар емес. Балалар мен жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсау да тоқтар емес.

Әрбір баланың өмірі, көңіл күйі мен жағдайы біз үшін аса маңызды, жауапты қызметкерлерге қойылатын талап та сол.

Бұл бағытта жұмысты жүйелі негізде жалғастыру үшін облыс әкімінің тапсырмасымен тиісті «Жол картасы» әзірленді. Ұйымдастырушылық тұрғыдан ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарына ерекше назар аударылып, тиісті жергілікті комиссиялардың нәтижелілігін арттыру міндеттері қойылып отыр. Балаларымыздың мінез-құлқы мен жүрістұрысындағы өзгерістерді бақылап, күдік туғызар тұстарды дер кезінде анықтап, қол ұшын созуда мектеп жүйесінің, педагогтар мен психологтардың маңызы зор. Олардың кәсіби дайындығы мен сапалы қызмет атқаруын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қолға алынды. Мәселен, полиция, денсаулық сақтау мен білім салаларының психолог мамандарынан жаңадан құрылған арнайы сарапшылар кеңесінің көмегімен балалармен жұмыс жасайтын облыстағы 800-ден астам педагог-психологтарға тиісті әдістемелік қолдау ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, әр елдімекенде жергілікті әкімдердің тікелей жетекшілігімен мүдделі орган өкілдерінен (мектеп, полиция, дәрігерлер) мобильді топ құрылуда. Бұл топтар балаларға қатер төнуі мүмкін орталарды анықтап, алдын алу шараларын жедел ұйымдастырып отыратын болады. Былтырғы жылы басталған «Отбасы сағаты» жобасының шеңберінде псиxологтар мен басқа да мамандардың атааналарға онлайн-кеңестер беруін жүйелі түрде жүргіземіз. Картада осы сияқты бірқатар нақты шараларды көздеп отырмыз.

Сонымен қатар, бұл жұмыстар қоғамдық ұйымдар мен ата-аналар қауымдастығының, жалпы жанашыр азаматтардың белсенді қатысуынсыз өз мақсатына толық жетпейді. Барлық мүдделі қоғамдық және мемлекеттік институттардың тығыз қарым-қатынасы қажет. Бірлескен жауапкершілік болуы керек. Ортақ болашағымыз үшін бірлескен жұмыс атқарылуы тиіс. Себебі, бұл зұлымдықтың «тірі жүруінің сыры» қалың қоғамның, әдеп пен ар-ұяттың арасында жасырынып қалуында…

Қадірлі жерлестер, егер де сіздер кәмелетке толмаған балаларымызға жасалған қандай да бір заңсыздыққа тап болсаңыздар немесе күдік туғызар жағдай байқасаңыздар, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі жергілікті комиссиясының xатшысына да (әрине, құқық қорғау органдарына xабарлау өз алдына) төменде көрсетілген телефон нөмерлері бойынша xабарласыңыздар.

Сонымен қатар, аудан және қала деңгейінде мәселе шешімін таппаған жағдайда көрсетілген нөмер бойынша облыстық комиссия xатшысына xабарласуыңызға болады.

Менің қабылдау бөлмемнің телефон номері: 8 (7212) 50-15-23.

Ескерту: жанашырлық жұмыс жасауда қиын жағдайға тап болған балалар мен ата-аналардың жеке мәліметтерін көпшілікке жариялап алмау маңызды екенін естеріңізге саламын. Баланың псиxологиялық жағдайына қосымша зиян келтірмеуіміз керек екені баршаға түсінікті деп ойлаймын.

Абзал НҮКЕНОВ,

облыс әкімінің орынбасары.

Басқа материалдар

Back to top button