Жаңалықтар

Балалар кітапханасы қыздарға кесте тігуді үйретуде

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Free Style» арт-студиясы жұмыс істейді. Мұнда қыз балаларды қазақтың дәстүрлі өнері – кесте тігуді үйретеді.

– Бірінші шығармашылық сабақтарды біздің студияда қыздар өздері өткізді. Олар қызықты оюларды алып келіп, олардан әдемі туындылар жасады. Ал өткен жылдың қарашасынана бастап арт-студия келушілерге қазақтың дәстүрлі өнері кевте тігуді үйренуді ұсынады, – дейді әдістемелік бөлім жетекшісі Сәуле Жүсіпова.

Студия жетекшісі Гүлнұр Мырзахмет шәкірттерін қазақтың ұлттық кесте тігу өнері туралы кітаптармен таныстырады. Арт-студияда дәрістер айына 2 рет жексенбі сайын 15.00-де балалар кітапханасында Бұқар жырау даңғылы, 30 мекенжайы бойынша өтеді.

Толық ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 41-23-26, 8-700-145-99-03.
 

Басқа материалдар

Back to top button