Жаңалықтар

Балалар батальонда болды

Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөліміндегі 2-атқыштар батальоны аумағында Ашық есік күні өткізіліп,оған Шахтинск қаласының Санжар Асфендияров атындағы ЖБОМ оқушылары бригада командирі,полковник Мақсат Қырғызбаевтың арнайы шақыртуымен келіп қатысты.

Ашық  есік күніне аталған мектептің 8 «а» сынып жетекшісі Нұрсәуле Қарасартова бастап апарған 10 оқушыны мұнда құшақ жая қарсы алды. Олар мен осындағы әскери қызметшілердің балаларын батальон командирі,подполковник Әлібек Ахметов мерекемен құттықтап,оның орынбасары,майор Бақтияр Өтеулиев пен батальон психологы, қатардағы жауынгер Бердігүл Бауыржанқызы жас жеткіншектерді әскери өмірдің күнделікті тірлігімен таныстырды.

    Бұл жолы балалар түрлі жаттығу ойындарын өткізіп,қару-жарақ көрмесін,қызметтік иттің қылмыскерді ұстау сәтін тамашалады. Сонымен қатар оларға батальонның орындайтын міндеттері мен тапсырмалары түсіндіріліп,қызықты кездесу соңында асханадан тәтті тағамдар мен сарбаз ботқасы ұсынылды.

Ержан ИМАШ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button