АймақБас тақырыпЖаңалықтар

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Қарағанды қаласының әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жасады. Қала билігі балалардың қауіпсіздігіне әсер ететін барлық кемшіліктерді жою үшін тұрғындардан мектеп маңындағы құдықтар мен сымдар ашық болып, жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдері жоқ болса немесе бағдаршам істен шығып, көше жарығы нашар болса бірден әкімдікке хабарлауды сұрайды.

Сурет: azh.kz

– Біз балалардың мектепке қауіпсіз жетуі үшін барлық мәселені жоямыз. Бірақ бұл үшін сіздердің де көмектеріңіз маңызды. Білім беру мекемелерінің маңындағы қауіпті аймақтарды байқасаңыз, хабарлаңыз», – дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарағандылықтар бұған дейін Бирюзова көшесіндегі N14 мектеп жанындағы жарықтың жоқтығын, сондай-ақ балалар мектепке баратын Құрманғазы, Писарева, Утренный көшелерінің қараңғы екенін айтып, шағымданған.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button