Қарағанды

Балаларға тарту

Қарағандыдағы «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілері «Жеңіл атлетика баршаға» акциясы шеңберінде олимпиада резерві мектебінде тегін жаттығу мүмкіндігіне ие болды. Спорттық мекеменің басшылығы балаларды мектепке қатынауын қамтамасыз етеді.

Балалар үйінің директоры Светлана Прокопив жоба бастамашыларына алғысын білдірді. Оның айтуынша, бұл сыйлыққа, әсіресе, кішкентай балалар қатты қуанған екен. Себебі, олардың спортпен айналысуға мүмкіндіктері шектеулі болған.

Қазір балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жаттығулар аптасына екі рет өтеді. Алдағы уақытта оның санын үш ретке дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button