АймақБалқаш

Балаларға шаттық сыйлады

Кеше М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Жаңа жылдық шырша кеші өткізілді. Балқаш қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мерекелік шараға 322 бүлдіршін қатысты. Мәдениет сарайы бүлдіршіндер үшін жаңалыққа толы таңғажайып ертегілер мекеніне айналды

Суретті түсірген автор.

Жаңа жылдық шырша салтанаты Балқаштың өнерпаздары әзірлеген қойылыммен басталды. Қызықты кешке жиналған балалар мерекенің басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақар, Алдар көсе, Барби, Саққұлақ, Таусоғар, Бай, Желаяқ, Круэлла, Қоян, Ұлуды көргенде қуанышында шек болмады. «Томирис», «Аяла» бастаған би ұжымдары би билеп, мерекенің шырайын аша түсті. Қамкөңіл балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, олардың бойына өмірге деген құштарлық нәрін себу мақсатында ұйымдастырылған игі шара балаларды ертегілер әлеміне жетелеп әкетті.

Жаңа жыл шыршасына Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев арнайы қатысып, барша бүлдіршіннің арман-тілектерінің орындалуына тілектестігін білдірді.

– 2023 жыл балқаштықтар үшін табысты жыл болды. Бала – біздің қуанышымыз. Балалардың жүзінен шаттық кетпегені қандай жақсы. Барлығымыз бала өсіріп, ұрпақ тәрбиелеп отырмыз. Әрқашан бүлдіршіндердің езуінен күлкі кетпесін, өмірлері ұзақ болсын, – деді Сапар Сатаев.

Сонымен қатар, мерекеге келген барлық балаға шаһар басшысының атынан сыйлықтар үлестірілді.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button