Білім

Биыл атаулы әлеуметтік көмек алатын оқушылардың отбасына 40 567 теңге беріледі

Мектептерде «Жалпыға бірдей білім беру қорының» қаражаты есебінен әртүрлі санаттағы балаларға материалдық көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

Аталған материалдық көмек атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы табысы төмен, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ төтенше жағдайға тап болған және мектептің алқалы органы – Қамқоршылық кеңесінің анықтауымен басқа да санаттарға беріледі.

Ақшалай қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын және басқа да қажетті заттарды өз бетінше таңдауға мүмкіндік беру мақсатында карточкалық шотқа аударылады.

Биылғы жылы ақшалай көмектің мөлшері 40 567 теңгені құрайды.

Материалдық көмек алу үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілі электрондық үкімет порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына санатты растауға өтініш береді.

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын есептеу механизмі АӘК алушылардың механизміне ұқсас.

АӘК алудан бас тартқан кезде отбасының табысы есептеледі және тиісті ақпараттық жүйеде автоматты түрде көрсетіледі. Санатты растау 15 күн ішінде қаралады.

Мектеп бұл ақпаратты автоматты түрде алады, құжаттарды қағаз жүзінде ұсыну талап етілмейді.

АӘК алатын санатқа, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған санатқа жатпайтын, бірақ өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың ата-аналары мектепке өтінішпен жүгінуі қажет.

Өтінішті алқалы орган – Қамқоршылық кеңес қарайды. Нәтижесінде отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы қорытынды жасалады және тиісті шешім қабылданады.

Айта кетейік, ертең, яғни 26 шілде күні сағат 17.00-де Жалпыға міндетті білім беру қорынан  балаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Қожахметова Гүлсім Шабданқызы @obb_qaragandy Instagram парақшасында тікелей эфир өткізеді. Туындаған сұрақтарыңыз болса әлеуметтік желідегі парақшаға өтіп қойсаңыздар болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button