Жаңалықтар

Балаларға базарлық

«Молодежный» Мәдениет үйінің алаңында Халықаралық Балаларды қорғау күніне орайластырып «Бақытты бала-бақытты ел» атты мерекелік ойын-сауық бағдарламасы өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

– Жобаның мақсаты жергілікті балалардың жазғы демалысын қызықты әрі бос өткізбеуіне үлес қосу. Оларды түрлі викториналық ойындар арқылы санасын дамытуға шақыру. Саламатты өмір салтын ұстауға бастамашы болу. Жалпы шараға біршама бала жиналды. Бағдарлама екі тілде өтті. Себебі, қазақша түсінбейтін өзге ұлт өкілдерінің де балалары бар, – деді Теміржолшылар Мәдениет сарайы Молодежный Мәдениет үйі бойынша орынбасары Қымбат Сүлейменова.

Шара барысында «Радуга» бейнелеу өнері студиясы қатысушыларының «Өнерлі қолдар» суреттер көрмесі, «Өнерлінің алтын қолы» сәндік-қолданбалы қолөнерден шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Ғажайып жаз» асфальтта флеш-суреттер салу және көрермендермен «Веселые старты» ойын-сауық ойын бағдарламалары өтті.

Ойын-сауық бағдарламасы балалар шығармашылық ұжымдарының мерекелік-концерттік бағдарламасымен жалғасты. Мерекелік бағдарламаның шымылдығын «Best» заманауи би студиясы «Каникулы» хореоргафиялық картинкасымен ашты.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button