Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өсіп, жүктемесі жеңілдетіледі

Оқу-ағарту министрлігі балабақшалар мен шағын орталықтардағы мектепке дейінгі тәрбиені жетілдіру міндетін қойды. Жаңа оқу жылынан бастап бір топта екі штаттық оқытушы жұмыс істейді.

Балабақша тәрбиешілері
Фото: Tengrinews.kz

Осы мақсатта биылғы жылы пилоттық жоба енгізілді, оған сәйкес әр топта күні бойы екі тәрбиеші жұмыс істейді,  деп хабарлайды Орталық.кз inbusiness.kz  сілтеме жасап. 

«Бір топта таңертеңнен кешке дейін екі мұғалім жұмыс істеп, бір мұғалімге 12-13 баладан келетін болса, бұл балаларға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді, ал мұғалімдер жүктемесі азаяды. Ең бастысы, мұғалімдердің жалақысы екі есеге жуық өсті», – деді Асхат Аймағамбетов.

Мектепке дейінгі ұйымдарда кадрлар дайындығының төмен болу себебін министр біліктілікті арттырудың жоқтығы деп атады. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатыр.