Бас тақырып

Балаңыздың шотын бақылаңыз

Кәмелетке толмаған балалардың жеке шотына «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында түскен қаржысы жөнінде eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.

Сурет narkesken.kz

Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі есептелген қаражатты бірнеше тәсілмен тексере алады. eGov.kz электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде орналасқан «Цифрлық құжаттар» бөлімінде және eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі және kids.enpf.kz сайты арқылы.

Мамандар тұрғындар тарапынан балалар туралы деректердегі қателерді қалай түзетуге болатыны жөнінде көп сұрақ жолданатынын айтады.

Бала туралы мәліметтер қате көрсетілсе, тиісті цифрлық құжатты ашып, жоғарғы оң жақтағы үш нүктені басу керек. «Қате туралы хабарлау» батырмасын таңдап, «Балалар туралы мәліметтерді өзектендіру» сервисіндегі форманы толтыруы тиіс. Сондай-ақ, туу туралы куәлікті тіркеп, өтінім жіберуді ұмытпаған жөн. Жауап 2-5 жұмыс күні ішінде қаралады.

Сонымен қатар, Ұлттық қордан есептелген қаражат туралы ақпаратты алуға бала туралы деректерді қалай қосуға болатынын да білген жөн.

Қосымшада бала туралы ақпарат жоқ болса, оны қосу үшін «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, «Отбасы» бөлімін таңдау қажет. «Баланы қосу» батырмасын басу арқылы форма толтырылып, туу туралы куәлік тіркеледі. Бұған да 2-5 жұмыс күні аралығында уақыт қажет.

Егер eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен балалар туралы мәліметтер жоғалып кетсе, актуалды мәліметтерді алу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдаланған дұрыс.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button