Медицина

Балаңыз мектепте не жеп жүр?

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының (ЖІИ) алдын алу – мектеп оқушыларын тамақтандыру қызметін көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілердің негізгі міндеттерінің бірі екенін еске салады.

Сурет: www.istockphoto.com

Ұйымдасқан ұжымдардағы қоғамдық тамақтану және сауда объектілері эпидемиологиялық маңызы жоғары объектілер болып табылады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қызмет басталар алдында эпидемиологиялық маңызы жоғары объектілер объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Олардың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз қызметі заңсыз болып табылады.

Білім беру ұйымдарында тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының  негізгі себептері ас блогы қызметкерлерінің қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы, атап айтқанда: жеке гигиена ережелерін, тамақ дайындау, тамақ өнімдерін сақтау технологияларын бұзуы болып табылады.

Оқушылар арасында тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының алдын алу үшін мыналарды есте ұстаған жөн:

– тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған жағдайда ғана қабылдауды жүзеге асыру;

– балаларды термиялық өңдеусіз тамақтандыру үшін пайдаланылатын шикі өнімдер мен өнімдерді сақтаудың бөлек шарттарын сақтау. Тез бұзылатын өнімдерді (ет, балық, сүт, ашытылған сүт өнімдері және басқа да) дұрыс сақтау және уақтылы пайдалану ерекше назар аударуды қажет етеді;

– тамақ дайындау технологиясын сақтау;

– дайындалған және өткізілген тамақ өнімдері мен аспаздық тағамдардың тәуліктік сынамаларын стерильді ыдыстарға іріктеуді, оларды дайын тамақ өнімдері үшін тоңазытқыш жабдықта +2 °C – +6 °C температурада 48 сағат бойы сақтауды қамтамасыз ету;

– ас үй жабдықтары мен асхана ыдыстарын өңдеу режимдеріне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

Көрсетілетін қызметті берушілер азық түлік объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын өндірістік бақылау-өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу арқылы өнімнің балалардың денсаулығы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге міндетті.

Мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде форшмак, желе, паста, фаршталған құймақ, күрделі (төрт компоненттен астам) салаттар, майонез және қаймақ қосылған салаттар, окрошка, кремі бар кондитерлік өнімдер, жұмсақ пісірілген жұмыртқа, глазурь жұмыртқаларын, өнеркәсіптік емес (үйде) дайындалатын тамақ өнімдерін жасауға және сатуға жол берілмейтінін есте ұстаған жөн. Кейде олар балаларда тағамдық токсикоинфекция, жіті ішек инфекциясын тудыруы мүмкін эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті тағамдар екендігін ескеру керек.

Қоғамдық тамақтану объектісінің қызметкерлері заңнамада белгіленген тәртіппен мерзімді медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан өтуге, жеке гигиена ережелерін сақтауға міндетті. Ішек дисфункциясының белгілері бар, сондай-ақ қолында жаралары бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті осы салада еңбек ететін қызмет берушілерге санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды мүлтіксіз сақтауға кеңес береді. Ас балаларға зиян емес, пайда әкелетін болуы тиіс. Балалардың денсаулығына жауапты болыңыздар.

Юрий ЗАЛЫГИН,

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button