Бала тіліндегі құндылық
Қарағандыда «Тіл – қазына» әлеуметтік жобасы аясында өткен «Бала тілі – бал» фестивалі мәресіне жетті. Мектепке дейінгі ұйымдардан 4 жастан 6 жасқа дейінгі балдырғандар, оның ішінде, өзге ұлт балаларынан құралған 10 шығармашылық ұжым қатысты.
Фестиваль 2 кезең бойынша өтті. Іріктеуде әр шығармашылық ұжым туған өлкенің тарихына, тіліне, табиғатына, мәдениеті мен бай мұраларына сүйіспеншіліктерін дәріптеу мақсатында дайындаған театрландырылған қойылымдарын YouTube желісіне жүктеді.
– Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тіліне, туған жеріне деген құрметін оятуды көздедік. Мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықтарын да байқадық. Әрине, ұлттық құндылықтарды насихаттау, өзге ұлт өкілдерінің балаларын тарта отырып, шығармашылық және зияткерлік әлеуетті дамыту да назардан тыс қалмады, – деді
Іріктеуде шығармашылық ұжым дайындаған қойылымдардағы тақырыптың ашылуына, көркем бейнені орындау мәнерлігіне, шығармашылық ерекшелігіне қарай үздік танылған 10 шығармашылық ұжым анықталды.
Көрермендер сахнада өнер көрсеткен балалардың бал тілдеріне, өнерлеріне тәнті болды. Шара соңында барлық балабақша ұжымдары дипломдар, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Сурет ұйымдастырушылардан
Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz