АймақБас тақырыпҚарағанды

Бала қауіпсіздігі – бәрінен маңызды

Бүгін  «Жазғы демалысты ұйымдастыру және балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздік және жазғы лагерь» төңірегінде брифинг өтті.  Алдағы уақытта Білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қауіпсіздік» жобасы жүзеге асырылады. Мектеп жанындағы және қала сыртындағы  лагерьлерде жұмыс жасайтын мұғалімдер мен тәлімгерлерді алғашқы көмек көрсету тәсілдерін меңгеру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Брифнгте сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Сурет: облыстық өңірлік коммуникациялар аланының баспасөз қызметі

– Жаз мезгілінің басталуына аз қалды. Осыған байланысты балалардың  демалыс уақытын бос өткізбеу және сауықтыру жағдайын  жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету баршамыздың басты міндетіміз.

Биыл 160 мың баланы жазғы демалыспен қамтамасыз ету жоспарда. Сауықтыру қала сыртындағы 9 лагерьде жүзеге асырылады. Сонымен бірге жаз мезгілінде республикалық жазғы сауықтыру орталықтарында  100 оқушы тегін жолдама алып, демалатын болады. Ауыл мектептерінде оқитын үздік 838 оқушы «Қазақстан халқына қоры» есебінен  Алматы қаласындағы «Тау жанашыр» және Қарағанды  қаласындағы «Салют» лагерінде  тегін демалатын болады.

Сонымен қатар, аумағында сауықтыру лагерлері жоқ білім бөлімдері есебінен  әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 742 бала бюджет есебінен сауықтыру  лагеріне жолданатын болады. Осы балаларды қорғау күніне орай ерекше қуанышпен айтатын жаңалығымыз  – бұл биыл  бірінші рет Пришахтинск қаласында алғашқы  қосымша «Кәусар оқушылар сарайы» білім беру ұйымы  ашылып, балаларға қызметін бастайды. Жаңа сарай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ғимаратта шығармашылық шеберхана, хареография залы, арт студия, жазу студиясы, веб-дизайн, интеллект студиясы және басқа да ғажап зертхана, заманауи құрал-жабдықтар бар, – деді Ерлан Құсайын.

Жиында бала қауіпсіздігін қорғау, оларды  жазғы демалыста қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз ету жайындағы міндетті шаралар сөз етілді.

                                                                                             Аружан СЕРІКБАЙ,
Е.Бөкетов атындағы зерттеу университеті журналистика бөлімінің II курс студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button