Жаңалықтар

Балқаштықтар алма ағаштарын отырғызды

Балқаш медициналық колледжінің ұжымы қашанда игі істердің басы-қасында жүреді. Мәселен, таяуда ғана колледж аумағына алма ағаштарын егіп, оған «Жастар саябағы» деген атау берді.

Жеміс ағаштары Ресейдің Челябинск қаласы «Златпитомник» мекемесінен арнайы тапсырыспен алдырылды.

40-қа жуық алма ағашын егуге колледж қызметкерлері бір кісідей атсалысты. Енді, олардың әрқайсысын күтіп баптауды да жекелей міндеттеріне алып отыр.

Колледж директоры, қалалық мәслихат депутаты Серік Пшенбаевтың айтуынша, алма ағаштарын егудегі мақсат – колледж аумағын абаттандыру, қоршаған ортаға құрметпен қарауды кеңінен насихаттау. «Сондай-ақ, болашақта колледж студенттері осы саябақтан алма жинап, Табиғат-Ананың сыйынан дәм татса, бір мақсатымызға қол жеткізгеніміз болар» – дейді Серік Рамазанұлы.

Құптайтын, өзгеге үлгі боларлық-ақ іс. Жемісті болғай!

Қуаныш АМАНҚҰЛ,

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button