АймақБалқаш

Балқаштық боксшы өз таңдауын жасады

Референдумнан балқаштық спортшылар да қалыс қалған жоқ. Бокстан екі дүркін Азия чемпионы Ерасыл Ермек №193 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Сурет автордан

– Бүгін біз, өз таңдауымызды жасадық. Референдумда дауыс беріп, таңдау жасау әр қазақстандықтың асыл парызы. Еліміздің көк туын желбіретіп жүрген спортшы ретінде, осы елдің азаматы ретінде болашағымыздың жарқын болғанын қалаймын. Саяси науқанға биыл үшінші рет қатысып тұрмын. Мен үшін бұл референдумның маңызы жоғары, – дейді Азия чемпионы Ерасыл Ермек.

Айта кетейік, балқаштық боксшы Ерасыл Ермек жақында ғана Қостанайда өткен ересектер арасындағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды. Байрақты бәсекеде Өзбекстан, Ресей, Германия, Тәжікстан және Қырғызстанның спортшылары бақ сынаған болатын.

Нұрдос КӘРІМ,

ortalyq.kz

БАЛҚАШ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button