Балқаштық альпинист Тянь Шань шыңын бағындырды
24 жастағы балқаштық Нұржан Қалдыбаев пен оның серіктері ТяньШань тауының өздері бағындырған беймәлім бір шыңын осылай атады.
Бұдан бұрын Бектау-Ата мен Қарқаралының қия шыңына құлаш сермеген Нұржан “Kazakh Tourism” ұлттық компаниясы ұйымдастырған ерікті альпинистер тобына тап болғанда, қатты қуанды. Командаға Украина, Ресей, Түркия және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 150 адам жиналған еді.
Бірақ, үш жарым шақырымдық биіктікке бәрі бірдей шыға алмады. 12 сағат өрге өрмелеуден кейін шыңның басына тек 35 адамның табаны тиді. Соның бірі – балқаштық Нұржан Қалдыбаев.
– Бұрын альпинизммен арнайы айналысқан емеспін, алайда тауға шыққанды ұнататынмын. Өз мүмкіндігімді көрсететін қолайлы сәтті күтіп жүргенде, ғаламтордағы ақпараттан “Kazakh Tourism” ұлттық компаниясы ерікті альпинистерден топ ұйымдастырып жатқанын білдім.
Өте қиын болды. Сенім мен күдік іштей арпалысқа түсті. Екі мың метрге көтерілгесін, қоя салғым да келді. Сосын өзімді өзім іштей қайрап, ақыры шыңның басына шықтым. Бұл менің соңғы сапарым болмауға тиіс, — дейді ол.
Әлібек ӘБДІРАШ,
«Орталық Қазақстан»