Руханият

Балқаштан ескен самал-жыр

Балқаш қаласының М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында өлең өлкесінде өзіндік үні бар жергілікті ақын Мөлдір Бөлекованың 65 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтті. Кеште балқаштық өнерпаздар ақын өлеңіне жазылған әуезді әндерді шырқап, «Кәусар» жастар әдеби клубының мүшелері жалынды жырларын оқыды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Мөлдір Иманғалиқызы ақындығымен қатар білім саласында да жемісті еңбек етіп, биік белестерді бағындырған жан. Осы жылдар ішінде ол поэзия әлемінен қол үзбей жыр¬сүйер қауымның жүрегінен өзінің сыршыл жыр¬ларымен орын алған ақын. Мөлдір Бөлекова мен белгілі сазгер Наурызбай Бейсекеевтің шығармашылық одағынан туған «Көк толқын» әні бүгінгі таңда балқаштықтардың сүйіп тыңдайтын әндерінің бірі.


Шығармашылық кеште алдыңғы толқын ағаларының атынан сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Жанболат Башарұлы «Тәкәппар поэзияның жалына жармасқан қазақтың ақын қыздарының бірі Мөлдір Бөлекова Астанадан алыс Көкше көлдің бір бүйірінде жас ұрпаққа ұстаздық етумен айналысып келеді. Оның өлеңдері Көкше көлдің өзіндей кейде сабырға тұнып, кейде аласұрып қиялыңды баурайды. Өлең өлкесіндегі өресі биік қарындасымызға қашанда ақ жол тілейміз», – деп батасын берді.

Мөлдір Иманғалиқызының өлеңіне тереңірек бойлап, оның сыршыл поэзиясынан нәр алған жыр сүйер қауым шығармашылық кештен ырза пейілмен тарқасты.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button