Бас тақырып

Балқашта жаңа жедел жәрдем бекеті ашылды

Бұған дейін Балқашта жедел жәрдем бекетінің құрылысы басталғаны жөнінде ақпар берген болатынбыз. Бүгінде сол бекеттің құрылысы аяқталып, жұмысын бастап кетті. 30 жыл бойы орталық аурухананың мекемесінде жүрген жедел жәрдем қызметкерлерінің жаңа ғимаратқа қолдары енді жетті. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен орынбасары Ермек Алпысов Балқашқа іс-сапармен барып, шараға қатысып қайтты.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Орталық аурухананың жанындағы жеке ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген. Тіпті, инженерлік жүйелері де жаңартылған. Төбесі ауыстырылып, өртке қарсы қауіпсіздік және бейнебақылау жүйесі орнатылған.

– Бұрын Балқаштың жедел медициналық жәрдем бригадалары стационар жанындағы жеке бөлінген үй-жайларға орналастырылған болатын. Кейінде жедел жәрдем бригадаларының еңбек жағдайларын жақсарту қажеттілігі ерекше байқалды. Осыған байланысты ескі ғимаратты қайта құру туралы шешім қабылданды. Қосалқы станцияда алты жедел жәрдем бригадасы бар. Олар бір жыл аралығында 30 мыңға дейін шақыруға шығып, медициналық қызмет көрсетеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін екі диспетчерлік бекет бар. Демалыс бөлмелері, көліктерге арналған жуу, тұрақ және жөндеу секілді үш бокс қарастырылған, – деді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы Ақылбек Сарбаев.

Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button