Балқашта автобустар паркі жаңа қоғамдық көліктермен толығуда. 25 наурыздан бастап жаңа көліктер желіге шығып, жолаушыларды тасымалдай бастайды.
Бүгін, 22 ақпанда Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев қалалық тасымалдаушылармен кездесті. Кездесуде қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу мен бақылаудың электрондық жүйесінің тұрақты жұмысы туралы айтылды.
– Кеңесте жол ақысын төлеу мен бақылау жүйесін жетілдірудің негізгі аспектілері қарастырылды. Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі онлайн-төлем жүйесін интеграциялау болды, бұл жолаушылар үшін неғұрлым ыңғайлы және ашық процесті қамтамасыз етеді. Жол ақысын төлеуді бақылау қатаң түрде жүргізіледі, ал билетсіз жолаушыларға қатысты шаралар күшейтіледі. Бақылаушылар үшін бейнежетондарды енгізу бұзушылықтарды тиімді анықтауға мүмкіндік береді, – дейді Балқаш қаласының әкімдігі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz