Бас тақырып

Балқаштағы жедел жәрдем станциясы жаңа ғимаратқа көшеді

Биыл Балқаштағы жедел жәрдем станциясының жұмыс істеп келе жатқанына – 60 жыл. Бірақ, соңғы 30 жылда станцияның өз ғимараты болмаған. Қызметкерлері бейімделген үй-жайда орналасқан. Былтыр осы мәселе қайта қаралып, Сейфуллин көшесіндегі №40 аурухананың шаруашылық ғимаратын қайта жабдықтау туралы шешім қабылданған-тын. Күрделі жөндеу жұмыстары үшін облыстық бюджеттен қаржы да бөлінген.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Бүгінде ғимараттағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Атап айтсақ, ғимараттың шатыры жабылып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған.

Тіпті, жылу, электр желілері, кәріз жүйесі тартылған. Ғимаратқа су да кіріп тұр. Өрттен қорғау, бейнебақылау жүйесі де орнатылған.

Алдағы уақытта фельдшерлер мен жүргізушілердің демалатын орны, тамақтану бөлмесі мен жұмыс бөлмелері ашылады. Қазір аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

– Аумақты абаттандыру және гаражды жөндеу жұмыстары тамыздың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Ғимаратта жедел жәрдем қызметкерлері үшін жағдай жасалған. Сондай-ақ, станция аумағында алты көлікке арналған автожуу және тұрақ та бар, – делінген Балқаш қалалық денсаулық сақтау бөлімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button