Жаңалықтар

Балқаштағы Орталық жағалауды абаттандыруға 4 миллиард теңге бөлінеді

Балқашта көл жағалауын күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Жағалау – Балқаш қаласының қолтаңбасы іспеттес және халық ең көп баратын орындарының бірі. Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, сәуір айынан бастап нысанды ауқымды қайта құру жұмыстары басталады. Жөндеу екі кезеңнен тұрмақ. Әрқайсысына шамамен екі миллиард теңгеден бөлінеді.

Суреттер: Облыс әкімдегінен

Балқаш қаласы әкімдігінің мәліметінше, сәуір айында бірінші кезектегі жөндеу жұмыстары басталады. Оған «I love Balkhash» жазуынан Мәңгілік алау кешеніне дейінгі аумақты қайта құру кіреді. 7,5 гектар жағалау аумағында жаңа аллеялар, балалар ойын және спорт алаңдары, велосипед жолы, тротуарлар пайда болады.

Жобаға сәйкес, негізгі аллея ені 6-7 метр, екінші аллея – 2-4 метр болады. Жолдар әртүрлі өлшемдегі сұр және қызғылт сары түсті тақтайшалармен қапталмақ.

Сондай-ақ, жоба бойынша жағалауда ені 3 метр боялған асфальт бетон жабынынан велосипед жолы пайда болады. Резеңке жабыны бар балалар және спорт алаңдары салынады, түрлі шағын сәулет нысандары мен мүсіндер орнатылады.

Жоба авторларының ниеті бойынша жағалауға көлеңкелі галереялар, ағаш саябақ орындықтары мен бетон негізіндегі орындықтар қойылады. Балаларды ағаш әткеншектермен және ойын кешендерімен, ал спортшыларды көше тренажерларымен қуантпақ.

Сонымен қатар, Балқаш жағалауында су бұрқақтарының пайда болмақ.

Әкімдік қайта құрудың мақсаты – қаланың имиджін және туристік тартымдылығын арттыру болып табылатынын атап өтті.

– Негізгі мақсат –туризмді дамыту және қаланың жаңа мәдени құндылықтарын қалыптастыру- деп атап өтті қала әкімдігі.

Бірінші кезеңмен «Балқаш жібек жолы» компаниясы айналысады. Жағалаудың осы учаскесін жөндеуге республикалық бюджеттен 1 миллиард 976 миллион теңге бөлінеді. Оның ішінде 1 миллиард 504 миллион теңге құрылыс-монтаждау жұмыстарына жоспарланған, 350 миллионнан астамы жабдыққа жұмсалады. Жұмыс сәуір айында басталып, 9 айға созылады.

Техникалық қадағалауды «Қызмет-Инжиниринг» ЖШС (Қарағанды қаласы), авторлық қадағалауды – «ENVICON-A» ЖШС (Энвикон-А) (Алматы қаласы) жүзеге асырады.

Әкімдіктің мәліметінше, жағалаудың екінші бөлігін жөндеуге шамамен 2 миллиард теңге жұмсалады. Бұл аумақ үлкенірек және 9 гектарға жуық. Жағалаудың осы бөлігінде қандай жұмыстар ойластырылғаны әлі белгісіз.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button