АймақБалқаш

Балқашта суқұбырлары ауыстырылуда

Балқашта Қараменде би көшесінің бойындағы су құбыры істен шыққан. Соның салдарынан жұмыскерлер кенті, 64 және 90 квартал тұрғындары сусыз отыр. Мамандар апат болған жердегі су құбырын толық жаңартуда. Жөндеу жұмыстарының жақын арада аяқталып, судың берілетінін мәлімдеді.

 

Қала әкімі Сапар Сатаев жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жерге барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.

– Жалпы, қала бойынша ұзындығы 125 шақырым болатын су құбырын ауыстыру қажет. Биыл 30 шақырымын ғана ауыстырамыз. Оған қаражат бөлінді. Ағыбай батыр көшесіндегі диаметрі 200 м болатын су құбыры ауыстырылуда. Қажетті жұмыстарды қазір жасамасақ, жылу беру маусымында мәселелер туындайды. Сондықтан, тұрғындардан шыдамдылық танытуларыңызды сұраймын. Жөндеу жұмыстарын өзім қадағалаймын, – деді қала әкімі Сапар Сатаев. 

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button