АймақБалқашЖаңалықтар

Балқашта қоғамдық тәртіпке бақылау күшейді

Балқашта қала қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа автобус аялдамаларына бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.

Сурет Балқаш қаласы әкімдігінен

Биыл қалада 34 жаңа аялдама павильоны орнатылған. Олардың бірі – жылытылатын үлгіде. Барлық павильондар заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталуда. Қала бойынша барлығы 532 камера жұмыс істеп тұр. Оның 138-і бұрылмалы, 394-і стационарлық.

Мамандардың айтуынша, бұл жүйе қоғамдық тәртіпті қадағалауға және бұзақылық әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button