Балқаш қаласындағы JasSpace жастар интеллектуалды-спорттық орталығында Creative Eco DAY атты ерекше форматтағы шара ұйымдастырылды. Бұл бастама Балқаш пен Қонырат шағын ауданындағы 10 мектептен келген 11–16 жас аралығындағы 60-тан астам оқушыны, сондай-ақ педагогтарды, сарапшыларды және бизнес өкілдерін біріктірді.

Шараның ұйымдастырушысы әрі демеушісі – «Коунрад» корпоративтік қоры, ал серіктесі – Орталық Азияның тұрақты даму қоғамдық қоры Creative&Innovation Institute.
Creative Eco DAY аясында жасөспірімдер алғаш рет шешімдердің авторлары ретінде таныстырылды: олар командалық жұмыс жүргізіп, прототиптер жасап, AI-иллюстрациялар салып, өз жобаларын қорғады.
«Біз — жасыл планетада өмір сүргісі келетін ұрпақпыз», — деді Қонырат шағын ауданынан келген 8-сынып оқушысы.
– Жастардың тұрақты даму мен оларды тартуға бағытталған бастамаларын қолдау – біздің стратегиямыздың маңызды бөлігі. Біз мұндай жобалар белсенді, саналы және экологиялық жауапты буынды қалыптастыруға көмектесетініне сенеміз, – «Коунрад» корпоративтік қоры басқармасының мүшесі Виталий Логачёв деді.
Шара барысында экологиялық тақырыптағы AI-иллюстрациялар конкурсының үздік 10 финалисінің жұмыстары көрмеге қойылып, жеңімпаздар марапатталды. Жүлдегерлер қатарында: Ким Дарина, Умытчакова Аяжан, Искакова Амина, Қайрат Мансұр, Чернышова Виктория, Алсарұлы Ерғазы, Грабовская Милана, Марат Әди, Саятұлы Жұмағазы Ажар және Шорин Айхан бар.
PLATON 5D әдістемесі негізінде өткен топтық жұмыста қатысушылар шағын жобалар әзірлеп, оларды қазылар алқасына қорғады. Жобалар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына бағытталды.
Жүлде қоры мен жеңімпаздар:
- I орын (100 000 ₸) — «Мейірім көпірі» (ЦУР 10)
- Искакова Рамиза (№12 мектеп, Балқаш)
- Фромушкин Владислав (№10 мектеп, Балқаш)
- Темирова Диана (№10 мектеп, Балқаш)
- II орын (70 000 ₸) — «Климат сақшылары» (ЦУР 13)
- Ерманқызы Інжу (№15 мектеп, Балқаш)
- Мурат Альмира (№15 мектеп, Балқаш)
- Алғамжанова Сара (Абай атындағы №2 мектеп, Балқаш)
- III орын (50 000 ₸) — «Денсаулық қорғаушылары» (ЦУР 3)
- Диана Туганбаева (№1 мектеп, Балқаш)
- Амина Искакова (№7 мектеп, Балқаш)
- Абен Каусар (№25 мектеп, Қонырат)
- Оралбековна Ксения (№17 мектеп, Балқаш)
- Чернышова Виктория (№4 мектеп, Балқаш)
– Бүгінгі жасөспірімдер — ертеңгі көшбасшылар. Олардың жобалары 17 Тұрақты даму мақсатының жергілікті деңгейде қалай жүзеге асатынын көрсетті. Бұл “Таза Қазақстан” бастамасы мен тұрақты даму бойынша жаһандық қозғалыс үшін аса маңызды, – деді Creative&Innovation Institute директоры Ирина Харитонова.
Creative Eco DAY Балқашта оқушылар, сарапшылар және бизнес өкілдері үшін ашық диалог алаңына айналды. Шара креативті идеялар мен тұрақты даму әлемді өзгертуге қабілетті нақты күш екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Байланыс үшін:
Орталық Азияның тұрақты даму қоғамдық қоры Creative&Innovation Institute
📧 infocreativinnov@gmail.com | 📱 +7 701 214 10 77
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА