Облыстық полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция бөлімшесінің қызметкерлері Балқаш қалалық балық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде, заңсыз балық аулап отырған браконьерді құрықтады.
6 наурыз сағат 18:00 шамасында бірлескен топ көл маңында тұрған жеңіл автокөлікті байқаған. Оқиға орнынан заңсыз балық аулап отырған 48 жастағы Приозерск қаласының тұрғынын ұстаған. Полиция қызметкерлері одан жалпы салмағы 118 келі үш қап балық пен 400 метр ау және мұз оятын лом, күрек тәркіледі. Табиғатқа келтірілген шығын көлемі – 400 мың теңгені құрады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ербол ЕРБОЛАТ.