Балқашта бес жастағы қыз бала терезеден құлап кетті
Бүгін, 16 тамызда Балқаш қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған қыз бала бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Қыз бала әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.
– Бала сағат 11.40 шамасында терезеден құлап кеткен. Бұл кезде ересектер, қыздың анасы мен оның нағашысы үйде, бірақ басқа бөлмеде болған. Жалпы, биыл Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауының 22 оқиғасы тіркелсе, оның төртеуі өліммен аяқталды,- дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлауымен байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында департамент балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.