Балқашта «Balkhash Tour Fest – 2025» фестивалі басталды
Балқашта үшінші жыл қатарынан Balkhash Tour Fest фестивалі өткізілуде – бұл жаздың басты оқиғасы. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық еріктілер жиналды. Балалар мен ересектер үшін қызықты бағдарлама әзірленді.

Таңертеңнен бастап түрлі шаралар өтіп жатыр: жағажай футболы, шығармашылық шеберлік сабақтар, фудкорттар мен жәрмеңкелер. Балалар үшін «Көк трактор» көңілді шоу-бағдарламасы ұйымдастырылды. Кешке концерт пен лазерлік шоу ұйымдастырылады.
– Біз осында үшінші жыл қатарынан фестиваль өткізіп келеміз. Орналасуы да ыңғайлы, қала сыртында. Жыл сайын кәсіпкерлерді қолдау артып келеді. Егер өткен жылы 25 сауда нүктесі болса, биыл 90-ға жетті. Фестиваль қарқын алып, бағдарлама толығып, қызықты бола түсуде. Бұл туризмді ілгерілетуге ықпал етеді, – дейді Балқаш әкімі Сапар Сатаев.
Фестивальдің бірінші күні желкенді регата да өткізіледі. Оған алты команда қатысады – яхтсмендер Алматы, Түркістан облыстарынан, Шымкенттен келді. Балхаш өз командасын таныстырды.
– Балқаш көлі желкенді спорт үшін тамаша су айдыны, мұнда үнемі жел соғады. Регата үшін үлкен кеңістік маңызды. Жарысты халықаралық жарыстардың ережелері бойынша өткіземіз, – деп атап өтті ҚР желкенді спорт бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы Ерсұлтан Нарбаев.
Фестивальде «Килиманджаро» тобы, қазақстандық эстрада жұлдыздары Qanay, Қайрат Баекенов және рэп орындаушы Nazima өнер көрсетеді.
Фестиваль аясында сондай-ақ жастар форумы, туризм саласының өкілдеріне арналған семинар-тренинг, «Екінші өмір» экологиялық акциясы өтуде.
Екінші күн де қызықты болады деп күтілуде. Соңында мерекелік отшашу болады.