Жаңалықтар

Балқашта – «Қала күні»

Былтыр 80 жылдығын бар сән-салтанатымен дүркіретіп тойлаған балқаштықтар «Қала күнін» биыл да лайықты атап өтті.
Желтоқсан көшесінде ұйымдастырылған шоу-бағдарламада қала өнерпаздары мерекелік концерт қойды. Колледж студенттері флеш-моб биледі. Тұрғындар әртүрлі ойын мен байқауға белсене қатысты. Балалар сурет салып, туған қаласына деген сүйіспеншілігін қағаз бетінде бейнеледі.
Әсіресе, қалалық орталық кітапхана ұжымы ұйытқы болған «тегін такси» тұрғындар назарын аударды. Жолақысы – білімің мен біліктілігің. Жолаушыға қала тарихына қатысты сауал қойылады. Жауабы дұрыс болса, жеңіл автокөлік оны айтқан жеріне тегін жеткізіп салады.
Мерекелік іс-шара көңілді би кешіне ұласты.

Әлібек ӘБДІРАШ
БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button