Балқашта 70-тен астам құтқарушы жазғы маусымға даярлануда
Балқашта қоғамдық құтқарушылар дайындық үстінде. Биыл суға түсу маусымы басталғанға дейін 70-тен астам адамды екі бағытта оқыту жоспарланған.

Балқашта қоғамдық құтқарушылар бірнеше жылдан бері даярланып келеді. Курстарда демалыс аймақтарының қызметкерлеріне және еріктілерге күн өтіп кетуді қалай тану керектігі, буындардың шығып кетуі мен сүйек сынған кезде көмектесу, іштің тұйық жарақаты және адамдар жабдықталмаған жерлерде шомылғанда және суда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтамауынан басқа да зақымданулар туралы айтылады.
– Биыл бізде өтетін оқыту өте ауқымды. Егер өткен жылдары біз 12–15 қоғамдық құтқарушыны даярласақ, биыл 70-тен астам адам болады. Қала өсіп келеді, туристер мен демалыс орындары көбейіп келеді. Олардың әрқайсысында қоғамдық құтқарушы болуы тиіс, – деді Балқаш ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Олег Грабовский.
Балқашта қоғамдық құтқарушылар курстары қалалық Мансап орталығы мен Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтуде. Мансап орталығында биыл қоғамдық жағажайларда кезекшілік ететін 10 адамды даярлауға жібереді. Жастар ресурстық орталығынан еріктілер қоғамдық құтқарушылар курстарынан өтеді, олар рейд кезінде ТЖБ қызметкерлеріне көмектеседі және демалушыларға суда қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА